Картотека №1 «Киім дүкені»

 

Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгімелейді.

 

 

Картотека №2 «Балабақша»

 

Мақсаты: Тәрбиеші балаларды қабыл дап, таңертеңгілік жаттығуды өткізеді, ойнатады.

 

 

 

Картотека №3 «Зообақ»

 

Мақсаты: Балалар ата-аналарымен зообаққа келеді, әртүрлі жануарларды көреді, әйткеншекте тебеді.

 

 

Картотека №4 «Мектеп»

 

Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.

 

 

Картотека №5 «Шаштараз»

 

Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

  

 

Картотека №6 «Отбасы»

 

Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.

 

 

Картотека №7 «Құрылысшы»

 

Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

 

 

Картотека №8 «Аспазшы»

 

Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.

 

 

 

Картотека №9 «Аурухана»

 

Мақсаты: Өздіктерінен рөл дерді бөле білуге үйрету. Қызығушылықтарын арттыру. Бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

 

Картотека №10 «Дүкен»

 

Мақсаты: Сатушының рөлін ойнай білу біліктклікке үйрету.

 

 

 

Картотека №11 «Киім дүкені»

 

Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы әңгімелейді.

 

 

Картотека №12 «Жолаушылар»

 

Мақсаты: Балалардың көңілдерін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру.

 

 

Картотека №13 «Дәрігер»

 

Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

 

 

Бақылау Мысықты бақылау

Мақсаты: Балаларды тірі табиғат иесімен таныстыру, мысықтың түсімен, оның ерекшеліктерін таныстыру;Бақылау барысы: Жұмбақ:

Пеш үстінде біреу отыр,

Жаймен көзін қысып отыр

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр?

Балалар бұл жұмбақтың шешеуі қандай? Бұнда кім туралы айтылған?

Мысық

Дұрыс айтасыңдар, балалар, міне балабақша ауласында мысық жүр екен, біз қазір осы мысықты бақылаймыз. Бұл мысық нестеп жүр екен?

— Қыдырып жүр.

— Иә, ал балалар, мысықтың түсі қандай екен?

— Сары

— Иә, балалар бұл үлкен мысықпа, кіші мысықпа?

— Үлкен мысық.

— Балалар сендердің үйлерінде мысық барма?

— Иә

— Мысықты қалай тамақтандырасыңдар?

— Сүт береміз.

— Дұрыс айтасыңдар, балалар!

 

Қимыл – қозғалыс ойыны

«Мысық пен тышқан» Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету;Құралдар: Мысық пен тышқанның маскасы;

Ережесі: Балаларды шеңберге тұрғызып, араларынан мысық пен тышқанды белгілеп, мысық тышқанды қуады, ал тышқан мысықтан қашады, егер тышқан ұсталып қалса, балалар ауысып , ойын басынан бастап жалғасады.

Дидактикалық ойын

«Даусыңа қарай ажырат» Мақсаты: Балалардың үй жануарларының дауыстары жөнінде білімдерін тексеру және жетілдіру;- Балалар, мен сендерге әр түрлі дауыстарды саламын, ал сендер сол дауыс қай жануардың даусы екенін табасыңдар.

— Мияу – мияу?

— Мысық.

— Аф – аф – аф?

Күшік.

— Ку – ка – ре – ку?

— Тауық.

— Мәқ – мәқ?

— Қой.

— Мө- ө – ө – ө?

— Сиыр.

Еңбек: Ойын алаңын тазалау Мақсаты: Балаларды білесіп жұмыс істеуге, тазалыққа үйрету;Құралдар: Сыпыртқы, күрек, қап;

 

 

Ережесі: Қыздар ойын алаңын сыпырады, ал үлдар қоқысты күрекпен қапқа салады. Тәрбиешінің басшылығымен қапты қоқысқа төгеді.

Жеке жұмыс Камиллаға қазақша қыс туралы тақпақты жаттату:Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша, бауды, тауды да

Бояған аппақ түспенен.

Еркін ойын Мақсаты: Балаларды бірлесіп, ұқыпты ойнауға үйрету;Құралдар: Қуыршақ, ыдыс – аяқтар, доп, машиналар.