Құрметті ата-аналар!
Біздің балабақша 2010 жылдың желтоқсан айының 15нен бастап жұмыс жасап келеді. Балабақша 3 жастан 5 жасқа дейінгі, 1 топ -20бала тәрбиеленеді. Бұл балалармен өз жұмысын жақсы көретін тәрбиешілер жұмыстануда.
Инновациялық технологиялар мен әдістер, оларды енгізу сіздің балаларыңыздың тиімді физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, моральдық және экологиялық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Балабақшаның міндеті:
- Ойын арқылы танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,ойын түрлерін пайдаланып,сезімдік-эмоциялық саласы мен қиялын дамыту.
Біздің балабақшада , білім беру мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар, өз құндылықтарын, тарихын және дәстүрлерін меңгерген адам, ел азаматтарын тәрбиелейтін балабақша. Ішкі мәдениетке ие кең ой-өрісі бар адамдар шығармашылық және өздігінен ойлана алады. Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!













