Батыс - Қазақстан облысы «Макаров ауылындағы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі «Айгөлек » балабақшасы» МКҚК мына мекенжайда орналасқан : Макаров ауылы , «Школьная» көшесінде № 1 үйде ,телефоны 50-442 , е-mail : Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .
Балабақша ғимарат жалпы үлгідегі бір қабатты. Топ бөлмелері сол жақ жағынан табиғи жарық түседі, жылту түрі орталық жылу жүйесі,су құбырлары қанағаттанарлық жағдайда.Топ бөлмелері мен жатын бөлмелері бөлек орналасқан.Санитарлық нормаларға сәйкес, қол жуғыштары орнатылған, дәретхана бөлмелері бар. Балабақшада ас блогі балаларға дәмді және пайдалы ас дайындайды.Сонмен қатар, балабақшада жеке кір жуатын бөлмесі бар, онда кір жуатын машиналар , кептіргіш және кірді үтіктейтін құралдары қарастырылған.
Тәрбиеленушілердің денсаулық әл-ауқатын тексеру, үшін балабақшада медициналық блок қарастырылған. Топ бөлмелері жас ерекшелігіне қарай барлық жағдай жасалған, Әрбір тәрбиеленуші өзінің бойы және көру, есту жағдайына сай жұмыс үстелі, керует, төсек орындарымен қамтамасыз етілген. Жобалық қуаты 25 орынға арналған. 2010 жылдан бастап балабақша жұмыс істейді . Балабақшада тәрбиеленушілердің болу уақыты толық күн - 10,5 сағат. Балабақшаның жалпы көлемі 258,48шаршы метр. Балабақша ауласында топқа арналған ойын үлесі бар . Сондай – ақ үлесте тәрбиешілер мен балалар көмегімен отырғызылған гүлзарлар бар. Онда балалар еңбек етіп , бақылау жасайды , ойнайды. Балабақшамызда балалардың бойына ,шынығуына арналған спорт құралдарымен ішінара жабдықталған . Балабақша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен » және «Smart English» технологиялармен , жұмыс жасауда . Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт» талаптарына сәйкес іске асырылады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы).
Тәрбиелеу-білім беру процесі«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын (ҚРБҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар) (ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығының 1,2-қосымшалары), «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) негізге ала отырып іске асырылады.
Тізім бойынша : 20 бала санын құрайды.
Жас ерекшеліктеріне қарай(аралас) 1 топ мемлекеттік тілде,
Ұжым құрамында 8 педагог : Онын ішінде: меңгеруші- 1,әдіскер – 1, тәрбиеші – 2, психолог-1, музыка жетекшісі -1, орыс тілі мұғалімі -1 ,ағылшын тілі мұғалімі – 1,
Білімі:
5-і – жоғары білімді мамандар ; 1-і жоғары мектепке дейінгі білімі ;
2-і– мектепке дейінгі арнаулы - орта, 1-арнаулы- орта ;
Біліктілік санаты бойынша:
1-і – екінші санатты
7-і- санаты жоқ
https://yaslisad-aigolek-makarov.rka.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId3774d7531b













