Бiз туралы
Балабақша ғимарат жалпы үлгідегі бір қабатты. Топ бөлмелері сол жақ жағынан табиғи жарық түседі, жылту түрі орталық жылу жүйесі,су құбырлары қанағаттанарлық жағдайда.Топ бөлмелері мен жатын бөлмелері бөлек орналасқан.Санитарлық нормаларға сәйкес, қол жуғыштары орнатылған, дәретхана бөлмелері бар. Балабақшада ас блогі балаларға дәмді және пайдалы ас дайындайды.Сонмен қатар, балабақшада жеке кір жуатын бөлмесі бар, онда кір жуатын машиналар , кептіргіш және кірді үтіктейтін құралдары қарастырылған. Тәрбиеленушілердің денсаулық әл-ауқатын тексеру, үшін балабақшада медициналық блок қарастырылған. Топ бөлмелері жас ерекшелігіне қарай барлық жағдай жасалған, Әрбір тәрбиеленуші өзінің бойы және көру, есту жағдайына сай жұмыс үстелі, керует, төсек орындарымен қамтамасыз етілген. Жобалық қуаты 25 орынға арналған. 2010 жылдан бастап балабақша жұмыс істейді . Балабақшада тәрбиеленушілердің болу уақыты толық күн - 10,5 сағат. Балабақшаның жалпы көлемі 258,48шаршы метр. Балабақша ауласында топқа арналған ойын үлесі бар...(Толығырақ)


















